Н.Назарбаев Тереза Мэйды Ұлыбритания Премьер-министрі болуымен құттықтады


Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйге оның Ұлыбритания Премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтап, екі елдің арасында берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті. «Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстанның кандидатурасын қолдағанын еліміз жоғары бағалайды. Біз екіжақты серіктестікті екі мемлекет халықтарының игілігі жолында дамыта беруге әзірміз», – делінген жеделхатта.