«Формула власти» бағдарламасына сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Ұлтшылдықтан менің иммунитетім бала кезімнен өте жақсы», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы Шамалғандағы үйлерінде Қазақстанға қоныс аударылған балқар отбасы бірге тұрғанын атап өтті.
«Екі бөлмелі шағын ғана ауыл үйі. Біреуінде күйеуі, әйелі және үш баласы тұрды. Әкем олардың тілдерін үйренді. Одан кейін біздің ауылда біраз балқарлар тұрды. Әкем олармен бірге жұмыс істеді. Ол олардың бригадирі болған еді. Бәрі одан келіп ақыл сұрайтын, қатты құрметтейтін», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзінің еңбек жолын Қарағанды металлургия зауытында көп ұлтты бригада құрамында бастағанын атап өтті.
«Көрікшілер бригадасында 9 адам болды, әрі олар түрлі ұлттардан. Неміс, орыс, украин, қазақ, татар, еврей және тағы басқа ұлт өкілдері. Біз өзіміздің түрлі ұлт өкілі екендігімізді сезінген емеспіз», - деді Н.Назарбаев.