Н.Назарбаев В.Путинмен кездесіп, ЖЕЭК отырысына қатысады

ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады.  

Жеңістің 70 жылдығына арналған ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі барысында Астанада өтетін Саммиттің уақыты талқыланбақ. 

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында негізінен Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдістердің даму мәселелері, соның ішінде 2014 жылы 29 мамырдан ЕАЭО туралы Келісімшартқа Қырғызстанның қосылуы, қырғызстандық-қазақстандық шекарада өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудан өткізуден бас тарту туралы, қазақстандық-қырғызстандық шекара учаскесінде санитарлық-карантиндік және ветеринарлық-санитарлық, сонымен қатар фитосанитарлық бақылауды өткізбеу туралы, ЕАЭО Коллегиясы мүшелігіне қырғызстандық тараптан ұсынылған кандидатуралар жөніндегі мәселелер қаралатын болды.

Сондай-ақ, жиында ЕАЭО-ның 2014 жылғы бюджетінің орындалуы мен одаққа мүше елдердің 2015-2016 жылдардағы макроэкономикалық саясатын бағамдау мәселесі, электроэнергетикалық нарықтың жалпы тұжырымдамасы және Еуразия кеңістігі интеграциясының акутальді мәселелері талқыланады.