Н.Назарбаев Жапония Премьерін Либералды-демократиялық партияның парламенттік сайлаудағы жеңісімен және оның үкімет басшысы болып сайлануымен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жеделхатта бұл жапон халқының С.Абэге және оның басқаруындағы партияға көрсеткен жоғары сенімінің айғағы болып табылатыны атап өтілген.

«Достық пен өзара сенімге негізделген екіжақты қарым-қатынастардың дамуына оң баға бере отырып, Сіз басқарған Үкімет тұсында да елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі нығая беретіндігіне сенім білдіремін» делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев С.Абэні Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған ортақ іс-қимылды талқылау үшін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.