Н.Назарбаевтың идеялары ұлы саясаткердің көрегендігін дәлелдейді - В.Игнатенко

Бұл туралы Мәскеуде өткен «Созидатель. Нурсултан Назарбаев: Взгляд из России» кітабының таныстырылымында РФ Федерация кеңесінің мүшесі Виталий Игнатенко айтты.

«Кітаптың әр материалында, әр жолы мен әр суретінде Қазақстан Президентіне деген зор құрмет сезіліп тұр. Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған көптеген идеялар бастапқыда қиял тәрізді болып көрінетін. Алайда бұл шынымен де зор тұлғаның көрегендігі болып шықты. Өйткені Н.Назарбаев - көрнекті саясаткер», - деп санайды Виталий Игнатенко.