Бұл туралы Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталған комиссия хатшысы Бақыт Мелдешев мәлім етті.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдап елдің 16 өңірінің барлығына өкілдік ететін сайлаушылардың 560523-інің расталған қолы жиналды», - деді Б.Мелдешев.
Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу және кандидаттың куәлігін беру туралы қаулы қабылдаған болатын.