Н.Назарбаевтың Катарға ресми сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметі мен Катар мемлекеті Үкіметі арасындағы дипломатиялық төлқұжат иелерін визалық талаптан босату туралы келісімді ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Катар Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхаммед бен Абдалла әл Румейхи, Қазақстан мен Катар Үкіметтері арасында мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Катардың Мәдениет, өнер және мұра министрі Хамад бен Абдкль Азиз әл Кауари рәсімдеді.

Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық банкі мен Катар Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов пен Катар Орталық банкінің төрағасы шейх Абдалла бен Сауд әл Тани қол қойды.