«Нобель» сыйлығының иегерлері анықталды

Қомақты сыйлықты Тунис еңбек бірлестігі, Тунис өнеркәсіп және сауда конфедерациясы, Тунистің адам құқықтары жөніндегі лигасы мен Тунис адвокаттар қауымдастығы теңдей бөліп алмақ. Бұл «квартеттің» өзара іс-қимылы арқасында Тунистегі төңкеріс азамат соғысына ұласпай, билік бейбіт түрде өткен. Осы Туниспен қатар толқу басталған Ливия, Сирия, Йеменде қарулы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Жалпы, бейбітшілік саласы бойынша «Нобель» сыйлығына биыл әйгілі америкалық тыңшы Эдуард Сноуден мен Германия канцлері Ангела Меркель де басты үміткер болған. 

Loading...