Нобель сыйлығының иегерлері марапатталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты шарада лауреаттарға Альфред Нобельдің бейнесі бар медаль мен диплом табысталды. Биыл бұл сыйлық Ресей, Украина және Беларусь құқық қорғаушыларына, атап айтқанда, қамауға алынған Алекс Беляцкийге, Ресейдің "Мемориал" және Украинаның "Азаматтық еркіндік орталығы" құқық қорғау ұйымдарына бұйырды.