Еске салсақ, бұған дейін «арландар» америкалық командамен өз жерімізде кездесіп, 5:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Бүгін өз алаңындағы өткен кездесу америкалықтар үшін сәтсіз болды. Жекпе-жек басталмай жатып-ақ қарсыластары 61 келі және 85 келі салмақтағы боксшыларын шығара алмағандықтан, «арландар» 2:0 есебімен алға шыққан болатын. Оған себеп Самат Бәшеновтың қарсыласы Эрик Фаулердың салмағы артық өлшенсе, Los Angeles Knockouts командасындағы босниялық легионер Джемаль Босняк АҚШ-қа келіп үлгермеген сыңайлы.
Ал жекпе-жек барысында «Astana Arlans» шебері Хабибулла Исмаил-Ахунов Браулио Суаресті және Константин Снигур Уильям Уильямсты жеңді. Өкінішке қарай, Роман Капитоненко Иштван Бернадттан жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымда «Астана арландары» қарсылас шақ келтірмей бұзып-жарып келеді. 7 кездесуде жеңіске жеткен «арландар» В тобында көш бастап тұр.