75 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.
Оның қарсыласы өзбекстандық Фанат Кахрамонов болды, Алғашқы раундта Аманқұл өзбек боксшысынан 5: 0 есебімен жеңілді. Бірақ екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші раудта да өзбек боксшысына ойсырата соққы берді. Осылайша Әбілхан Аманқұл келесі кезеңге өтті.
Сондай-ақ бүгін, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев та (91 келіден жоғары) өнер көрсетті. Ол Египеттен шыққан Эсри Мостафа Катингке қарсы жекпе-жекке шығып, айқын басымдықпен жеңді.