Nokia атауын өзгертпек

Бұған қатысты ресми мәлімдеме жасалмағанымен, Microsoft компаниясы серіктестеріне алдын ала ескерту хаттарын таратып қойған.

Фин мобильдік бөлімшесінің қазіргі уақыттағы ресми атауы - Nokia Oyi. Көп ұзамай енді финдік операциялар үшін Microsoft Mobile Oy деген атау қолданылады. Демек бұл финдік компанияның Microsoft корпорациясының толыққанды мүшесі болғанын білдіреді.

Microsoft-тің Nokia «мобильді» бизнесін сатып алатыны туралы өткен жылдың қыркүйек айында жарияланған болатын. Оның құны 5,44 миллиард евроға бағаланған еді.