Украинаның Шығысындағы жағдайды талқылаған Порошенко мен Назарбаев норманд форматындағы кездесу – жанжалды сәл де болса реттеуге септігін тигізетініне үмітті. Қазақстан мен Украин басшылары келіссөзге, Путин , Олланд және Меркелдьдің қатысатынына сенім білдіріп отыр. Негізі бұл кездесу бүгін өтуі тиіс еді. Алайда, тараптардың пікірі бір арнаға тоғыса алмады. Мәселен Германия Минск келісімі орындалмай мұндай басқосудың маңыздылығына күмәнмен қарайды. Десек те, норманд форматындағы кездесу Астанада өтетін болып шешілді.
Loading...