«Норманд төрттігі» Донбасстағы соғысты тоқтатуға келісті

Ресей, Украина, Германия және Франция басшылары, яғни «Норманд төрттігі» ұзақ кездесуден кейін бір тоқтамға келді. Енді екі күн ішінде қарулы қақтығыс аумағынан әскери техника мен барлық сарбаздар шығарыла басталуы тиіс. Бұл әрекет ұзаққа созылып кетпеуі үшін 14 күн уақыт белгіленген. Ереже бойынша қос тараптың әскерилері шекарадан 50 шақырым жерге алшақтауы қажет. Сонымен қатар тұтқындарды босату көзделіп отыр. Яғни барлық тұтқынға алынған азаматтар жақын арада бостандыққа жіберілмек. Донецк және Луганскде сайлау жүргізу ережелері бекітіліп, ол Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының стандарттары негізінде іске асырылады. Петр Порошенко бірнеше ай бұрын журналистердің өліміне қатысы бар деп Ресей тарапы қамауға алған ұшқыш – Надежда Савченконың босатылатынын хабарлады. 

Loading...