Bombardier CRJ 200 ұшағы радарлардан жергілікті уақыт бойынша сағат 1-дің кезінде жоғалып кеткен, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. Сол уақытта ұшақ норвегиялық полюс шеңберіндегі Будё қаласынан 120 шақырым жерде ұшып бара жатқан.
Ұшақ белгісіз себептермен күрт құлдыраған. Бір минутта ол 6,5 шақырым төмендеген. Бұдан кейін ұшақ жерге қатты келіп соғылған.
Апат орны анықталды. Ұшақ барар жолы жоқ, таулы жерде жатыр. Қазіргі кезде ол жердегі 30 градус аяз болып тұр.
Апат орнына Швеция Әуе күштерінің F-16 ұшағы, сондай-ақ швециялық және норвегиялық құтқарушы тікұшақтар жіберілді. Бірақ таулы жерге тікұшақтардың қоны қиынға соғып отыр.