Министрлік ақпаратына сәйкес, нөсер суы насос станциясының 500 метр темір-бетон дуалын бұзып, Зайсан- Шүршітсу автожолының 200 метрін шайып, 5 үй қора-жайымен бірге су астында қалды. 32 бас ұсақ мал жайылымда нөсер салдарынан қырылды.
Су астында қалған аудан тұрғындары басқа жаққа көшірілген жоқ. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Қаланың коммуналдық жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Материалдық шығын көлемін есептейтін комиссия құрылды.