”Нөсер жаңбыр, найзағай”: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктерінің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде 13-15 тамызда күн құбылып тұрады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Синоптиктер болжауынша, сонымен қатар екпінді жел соғып, бұршақ жауады.

«13 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, 14-16 тамызда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде және шығысында күндіз +35+38°C қатты ыстық күтіледі, термометр +18+26°C-тан +22+33°C-қа дейін ауытқиды», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.