Нөсер жаңбыр «Қызылорда-Павлодар» күре жолының учаскесін шайып кетті

Бұл туралы ІІМ  ТЖК сайтында хабарланды.

Сағат 17:30-дан бастап ауа райының нашарлауына (жаңбыр) және жол төсемесінің  шайылып кетуіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін Қызылорда облысынан Жезқазған қаласына дейін (216-424 км «Қызылорда-Павлодар жолы) қозғалыс тоқтатылды.

Сағат 18:30-дан бастап жол төсемесінің шайылып кетуіне байланысты Қызылорда қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін (12-216 км «Қызылорда-Павлодар жолы) көліктің  барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.