Нөсер жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты


деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер елімізде күн салқын болатынын айтады.

"Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, 24 мамырда Павлодар облысында, 24-25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Күндіз солтүстікте 17-28 жылыға дейін, орталықта 20-35 жылыға дейін, солтүстік-батыста 25-40 жылыға дейін ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі", - делінген ауа райы болжамында.