Нөсер жауыннан кейін Алматының көшелерін қайтадан су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
26 мамырда түстен кейін жауған нөсер жауын салдарынан қаладағы көшелерді су алып қалды. Осылайша, Төле би көшесінде су деңгейі 10-15 сантиметр болып тұр. Яссауи мен Өтеген батыр көшелерінде де жағдай осындай. Жүргізушілердің айтуынша, Достық даңғылынан асқанда Әл-Фараби даңғылы бойында да қозғалыс қиындаған.
Кей көшелерде бағдаршамдар істен шыққан. Соның ішінде, Абай - Алтынсарин, Абай мен Манас және Жандосов пен Науаи көшелерінің қиылысында бағдаршамдардың істен шығуына байланысты қозғалыс қиындаған.