Новосибирскде шекаралас аймақтардың IV Форумының жұмысы басталды

Аймақ әкімшілігіндегі ресми ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, Ресей мен Қазақстанның мемлекет басшыларының ұшақтары Новосибирскнің Толмачево әуежайына күннің екінші жартысында келіп қонады.

Екі ел президенттерінің қатысуымен өтетін шекаралас аймақтардың Форумы осымен төртінші рет өтуде. Соңғы рет осы тектес кездесу өткен жылы Оралда болған.

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы заманауи тарихтағы дипломаттық кездесу 1992 жылдың 22-қазанында белгіленген болатын. Екіжақты байланыс пен ынтымақтастық ауқымды келісім-құқық базасына ұласуда, олардың ең бастысы 1992 жылдың 25-маусымындағы Достастық, ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы келісім мен 1998 жылдың 6-маусымындағы Мәңгілік достастық пен одақтастық туралы декларация болып табылады.

Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара ықпалдастық сондай-ақ ТМД және басқа да Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ сияқты интеграциялық бірлестіктер аясында да жүзеге асырылуда.

Бұрын хабарлағанымыздай, Форум аясында Новосибирскде Қазақстанның шекаралас облыстарының ірі тауар өндірушілерінің өнімдерінің көрмесінің ашылуы болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті