Новосибирскіде Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығының ықпалдастық комитетінің 13 отырысы өтеді

"Кездесу кезінде ЕурАзЭҚ мемлекет-мүшелерінің мемлекет аралық көп жақты білім саласындағы қарым -қатынастарының дамуы, өркендеуі, қазіргі жағдайы талқыланады. Сондай-ақ, бұл ұйымға кіретін елдердің білім ұйымдарын аккредитациялау, аттестациялау салаларында қарым- қатынас жасау жобалары қарастырылады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Отырысқа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мне Өзбекстан, ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясы мен интеграциялық комитеті хатшылығының өкілдері, сондай -ақ, ұйымға мүше- мемлекеттердің оқу орындарының жетекшілері қатысады.

Форум қатысушылары Сібір оқу орындары мен ғылыми орталықтарын аралап, жергілікті жоғары оқу орындарының жетекшілер және ғылым қызметкерлерімен кездеседі. Новосибирск - Ресейдің ірі ғылыми орлықтарының бірі, онда өнеркәсіп, экономика, медицина, ғарыш сияқты салаларының жаңа технологиялары жасалып шығарылады, деп хабарлады Новосибирск губернаторының баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті