Ресейлік полицейлердің айтуынша, есірткі айналымын бақылаушы Федералды қызмет басқармасының қызметкерлері Қазақстан азаматы Марат Оспанбаевты 24 -ақпанда Новосибирск облысы Карасук районының "Павловка" бекетінде тұтқындаған. Автомобильді тексеру барысында полицейлепр есірткіні тауып алады. "Есірткі машинаның есігіне жасырылыпты. Ал героиннің негізгі партиясы, түрлі салмақтағы 50 қапшықтан астам есірткі газ баллоны деп саналған заттың ішінен табылған",-деді ақпарат және қоғамдық байланыстар бөлімінен. Тәркіленген героиннің жалпы салмағы 61 килограмнан астам.
Полицейлердің ақпараты бойынша, героин арнайы ауғандық және тәжік қапшықтарға салыныпты. Оларға араб жазулары бар мөр басылған. Қосымша әр бума полиэтилен қапшықтарға салыныпты. "Бұл героинді Новосибирскіге тасымалдайтын ең ірі халықаралық жол болып табылады",-деді баспасөз қызметіндегілер.
Тергеу барысында белгілі болғанындай, Павлодар облысының Успенка ауылының тұрғыны М.Оспанбаев такси жүргізушісі болып жұмыс істегендіктен Новосибирскіге жиі қатынап тұрған. "Таяуда Карасук жаққа жолға шығар алдында оған бір таныс еркек келеді. Осыдан кейін ол үйден екі сағаттан кейін шығып кеткен, ал тағы да үш сағаттан кейін есірткі айналымын бақылау басқарамысының қызметкерлері оны ұстады,-деп түсіндірді полицейлер.
Сот Қазақстан азаматын өте ірі көлемде героинді заңсыз жолмен тасымалдап, сатпақ болған деген айыппен аса қатаң тәртіпті колонияда 15 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті