«Нұр Медиа» холдингіне қарасты қос басылым жабылатын болды

«26-желтоқсанда «Дала мен қала» және «Страна и мир» басылымдарының ақырғы сандары шығады. Келесі жылдан бастап аталған газеттер жұмысын тоқтатады», - деп сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне «Нұр Медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Нұрай Оразов мәлім етті.

«Партиялық мәселелер мен бастамаларды талқылау әлдеқашан жалпыұлттық деңгейге көтерілді. Сондықтан таза партиялық баспасөзге деген қажеттілік төмендеді. Сонымен қатар, ресми баспасөздің көшірмесіне айналған бұл газеттер содан ұзап шыға алмады», - дейді Н.Оразов.

Партиялық коммуникациялар қызметін «Нұр Отанның» «Электронды партия» деп аталатын жаңа жобасы табысты атқара бастаған көрінеді. Холдинг құрамындағы күнделікті «Литер» және «Айқын» басылымдары қоғамдық-саяси ақпарат құралдары сегментін толықтырып отыр.


«Сондықтан бір аудиторияға арналған тағы екі апталық басылымды ұстаудың мәні жоқ», - деді Н.Оразов.

2014 жылы холдинг олардың орнына жаңа жобаларды іске қоспақ.