«Есепті мерзімде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында әлеуметтік маңызы бар нысандардың мүгедек жандарға қол жетімділігіне қол жеткізу мақсатында 780 нысанға зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде 368 нысан толықтай талапқа сәйкес келетін болса, 309 нысан талапқа жартылай сай келетіні анықталды. Ал, 51 нысан мүлдем стандарттарға сәйкес келмейтін болып шықты. Бұл мәселе Партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралады. Аталған жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Мысалы, екі жылда 48 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, партия тарапынан 305 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты», - деген төрағаның бірінші орынбасары желтоқсан айында дәл осындай жәәрмеңке өткізу жоспарланып отырғанын айтты.
Манжуов патрияның қоғамдық қабылдауы азаматтардың арыз-талаптарын қарап, түрлі мәселенің шешімін табуға атсалысып жатқанын баса атап өтті.
«Аталған мерзімде Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдарға барлығы 9 634 өтініш түсіп, оның 4345 немесе 45,1% оң шешім тапты. Оның ішінде, 2016 жылдың желтоқсан айында түскен 244 өтініштің 54,9%, 2017 жылы түскен 5 457 өтініштің 43,3% толық қанағаттандырылды. 2018 жылдың 10 айында партия филиалдарына түскен 3 933 өтініштің 46,9% толық шешіліп, қалған өтініш иелеріне қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес кеңестер берілді. Түскен өтініштердің 27,6% әлеуметтік мәселелер бойынша болса, жұмысқа орналасу бойынша түскен өтініш көлемі 26,4% құрайды», - деді деді ол.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау мен білім беру саласы бойынша түскен өтініштер тиісінше 6,6% және 4,4% құрап отырған көрінеді.