Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, құрылтай Ресей Федерациясының ең маңызды саяси оқиғаларының бірі болатын, осы жылдың желтоқсанына белгіленген Мемлекеттік думаға депутаттар сайлаудың алдында өтеді.
"Екі мемлекеттің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин негізін қалаған екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктың жоғарғы деңгейін ескере отырып, "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының өкілдері "Единая Россия" бүкілресейлік саяси партиясының сегізінші құрылтайының жұмысына қатысуы өзара татулық қатынастар мен конструктивтік партияаралық келіссөздерді одан әрі дамыту мақсатына қызмет етеді.
Өкілдік құрамына "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының брінші орынбасары Б. Жұмағұлов, партия төрағасының орынбасары С. Громов, Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаты Е. Нығматулин, Қазақстан прарламентіндегі партия фракциясы аппаратының жетекшісі Н. Ыбырайым кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті