"Елбасы бізбен кеңесті, конституциялық өзгерістерге байланысты өз ойымен бөлісті, болашаққа негіз салды және тұжырымдаманы айтып берді", - деді Ә. Жолшыбеков. "Бүгінгі кездесуге қатысқан депутаттардың барлығы түгелімен біздің мемлекетіміздің Ата Заңын өзгертуге байланысты тұжырымдаманы қолдайды. Депутаттар парламент палаталарының бірлескен отырысында да қолдайды деп ойлаймын", - деп атап өтті Ә. Жолшыбеков.
"Біздің президенттік басқару үлгісіндегі мемлекетіміз ресми түрде президенттік басқару сақталып отырғанымен біртіндеп президенттік-парламенттік басқару үлгісіндегі мемлекетке айналып бара жатыр", - деді депутат. "Негізінен алғанда Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Есеп комитеті және Жоғарғы сот кеңесіндегі лауазымдарға тағайындаған кездерде парламент пен саяси партиялардың маңызы күрт өсіп отыр", - деді Ә. Жолшыбеков. Ол сондай-ақ, "демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның берген кеңесіне сәйкес депутаттар санын ұлғайту қарастырылып жатқанын" атап өтті.
"Сонымен қатар, сот жүйесінде, құқық қорғау органдарында өзгерістер күтіліп отыр. Жергілікті өзін-өзі басқару түбегейлі өзгереді және жақсарады. Одан өзге, қолданыстағы Конституциядан нақты бір заңда көрсетуге болатын жерлерін алып тастау көзделіп отыр. Яғни, Конституцияны біздің өміріміздегі басы артық сипаттамаларынан босату", - деп сөзін қорытындылады Ә. Жолшыбеков.
Сенатор Анатолий Башмаков атап өткендей, "Конституцияға өзгерістерді екі оқылымда қарау жоспарланып отыр".
"Президент бұдан әрі де өзіндік, қазақстандық үлгісін тек экономикалық жүйеде ғана емес, сондай-ақ қоғамдық орта, яғни саяси және әлеуметтік институттар салаларында құруға және жасауға ниетті", - деп атап өтті сенат депутаты.
"Бұл республикада басқару түрі бойынша президенттіктен парламенттің үлкен өкілеттігі бар президенттік-парламенттікке өту жолында зор қадам болмақ. Менің ойымша, бұл Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына кіру мақсатын іске асыруда маңызды жол", - деп сөзін қорытындылады сенатор Анатолий Башмаков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті