"Нұр Отан" ХДП Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет көрсету мерзімін қысқарту қажет деп санайды

"Жыл сайын Әділет министрлігі мен Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне қомақты қаржы бөлінеді, мәселен, 2006 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арнап тек қана бағдарламалық қамтамасыздықты жасауға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған, 2008 жылы республикалық бюджетте "Халыққа қызмет көрсету орталықтарында "бір терезе" принципі бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз ету" жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға 6,6 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Сөйтіп, халыққа жедел әрі сапалы қызмет көрсетуге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Сол себепті біздің Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет көрсету мерзімін қысқарту қажет деген үкімет алдына қойған талабымыз өз күшінде қалады", - деді О. Әбдікәрімов.