"Нұр Отан" ХДП төрағасының орынбасары мемлекет басшысына сенат депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну жұмыстары туралы хабарлады

Осыған байланысты "Нұр Отан" партиясының атынан шыққан кандидаттарды қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстарының жоспары талқыланды.

"Кездесу барысында президент қыркүйек айында ашылатын парламент мәжілісінің екінші сессиясына байланысты партия фракциясының қызметі, сондай-ақ, партияның жалпы ағымдық жұмысы жөнінде хабардар етілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Нұр Отан" партиясының төрағасы болып табылатын мемлекет басшысы жұмыстың негізгі бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде, сыбайлас жемқорлықпен күрес, кадрлық резервті дайындау және партия өмірінің басқа да маңызды мәселелері бар.