"Нұр Отан" мен БҰҰ Даму Бағдарламасы бірлескен парламентті қолдау жобасын іске асырады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл құжат екі жақ арасындағы ынтымақтастық аясы мен үлгісін анықтайды. Оның басты мақсаты - Қазақстан қоғамында биліктің сайланатын бұтағының рөлін күшейту жолымен парламент дәстүрі мен партия құрылысын дамытуда Қазақстанның ұлттық әлеуетін үдету болып табылады.

"Нұр Отан" партиясының Парламентаризм институты Қазақстандағы БҰҰДБ қолдауымен 2007 жылдың қазан айында құрылған болатын. "Парламентке техникалық көмек көрсету" жобасының аясында институт парламент дәстүрін құру мен инстуционалдық дамудағы үздік халықаралық тәжірибені зерттеп, кей тұстарына өзгерістер енгізген. Сосын парламентаризм саласындағы жетекші қазақстандық сарапшылар бұл ұйымның даму концепциясын жасап шығарған.

Биылғы жылдың көлемінде Қазақстандағы партиялар арасындағы бірқатар іс-шараларды өткізуде БҰҰДБ көмек көрсетеді. Бұл үшін БҰҰ кәсіби сарапшылары шақыртылады. Олар Парламентаризм институтына партия құру, саяси партиялардың фракцияларының парламентаризмді дамытудағы рөлі, жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша кеңес беретін болады.