"Нұр Отан" партиясы анықтаған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігін мектеп және интернат директорлары жасаған

"Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігін орта білім беру мектептері мен интернат директорлары жасаған. Ондай интернаттың саны 23 асады", - деді О. Әбдікәрімов. Ол атап өткеніндей, жеті сыбайлас жемқорлық қылмысты жеті әкім жасаған, олардың алтауы ауылдық округ әкімдері.

О. Әбдікәрімов еске салғанындай биылғы жылдың екі айында 218 адамға қатысты 332 қылмыстық іс қозғалды, оның 68 "Нұр Отан" партиясының өкілдері болып шықты. "Нұр Отан" партиясы 11 сәуірде өткен қоғамдық кеңесінің отырысында сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтар бойынша қозғалған қылмыстарға қатысы бар адамдарды өздерінің қатарынан шығаратынын мәлімдеді.

"Партияның аймақтық бөлімшелерінде тиісті тексерулер мен талқылаулар өткізілгеннен кейін көрсетілген 68 адамның 59 партия қатарынан шығарылды ", - деді бүгін О. Әбдікәрімов. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша күдікті деп танылғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.