Астанада «Нұр Отан» партиясының азаматтардың өтініш-шағымдарын бақылайтын республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі ашылады, деп партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.
«Кеңесары көшесінде партияның орталық аппаратының бұрынғы ғимараты бар. Біз бүгін бұл ғимаратқа күрделі жөндеу бастадық. Онда партияның Халыққа қызмет көрсету қағидасымен жұмыс істейтін республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі орналасады. Осы жерден партияның жер жерлердегі қоғамдық қабылдау бөлімдері жедел басқарылып отырады», - деп Б.Байбек бүгін «Нұр Отан» партиясының Астана қалалыө филиалының XVIII кезектен тыс конференциясында мәлімдеді.
Егер қандай да бір ауданда азаматтардан әкім атына шағым көп түсетін болса немесе қайсыбір сұрақтар шешілмесе, партиялық бақылау комитеті жергілікті атқару органдары басшыларының қызметіне тәуелсіз тексеру жүргізе алады, дейді ол.