"Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы Алматы қаласының "Шаңырақ" және "Бақай" ықшамаудандарына қоныстану мен бейберекет құрылыс салуға байланысты мәселені мұқият зерделеп, осы ықшамаудандардағы үйлерден азаматтарды көшіру және ондағы үйлерді бұзу аталмыш проблеманың шешімі болып табылмайды деген қортындыға келді... Осыған байланысты партияның саяси кеңесі үкімет пен Алматы әкімшілігіне осы проблеманы шешудің тиімді жолын табу жөніндегі бірқатар ұсыныстармен жүгінді",- деп айтылған партияның саяси кеңесінің жұмада таратылған үндеуінде.
Атап айтқанда, партия үкімет пен Алматы қалаысының әкімшілігіне "бұрын сәйкес құжаттарын алған және әртүрлі себептерге байланысты оларды бекітілген тәртіпті рәсімдемеген азаматтардың үйлерін заңдастыру мүмкіндігін қарастыруды" ұсынған.
Сонымен қатар, "Нұр Отан" "үйсіз қалған азаматтарға шағын тұрғын үйлерді мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бағасы бойынша және аз пайыздық өсіммен несиеге беру мүмкіндігін қарастыруды да" ұсынып отыр. Сонымен қатар, партияның саяси кеңесі, үйлерін заңсыз салған адамдарға "олардың тұрғын үй проблемалары шешілгенге дейін уақытша баспана беру" керек, деп санайды.
"Бүгінде дауды адамдардың пайдасына түбегейлі реттеуге қатысты шешімді шара қабылдау қажет. "Нұр Отан" партиясы, аталмыш дау-жанжал елдің мемлекеттік органдары мен азаматтар арасындағы соңғы жанжал болуға тиіс, деп санайды",- деп атап көрсетілген үндеуде.
Саяси бірлестіктегілер, "Нұр Отан" партиясы ""Шаңырақ" және "Бақай" ықшамаудандарындағы барлық проблемаларды олар өз шешімін тапқанша үнемі қоғам бақылауына алатындығына" сендірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті