"Біз Бас прокуратурадан республика аумағындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты оқиғалар жайлы адамдардың нақты аты-жөні мен іс сипаттамасымен қоса ақпараттарды сұрап алып, оны өңдеуден кейін бақылау және шаралар қолдану үшін өңірлік филиалдарға жібердік", - деді ол.
"Жалпы алғанда 2008 жылдың 2 айында 218 адамға қатысты 332 қылмыстық іс қозғалған, оның 68-і "Нұр Отан" ХДП -ның мүшесі болып шықты. Қазір осы азаматтардың бұдан былай біздің партияда болмауына барлық шаралар қолданылып жатыр", -деді О. Әбдікәрімов.
О. Әбдікәрімов сонымен қатар, бас прокуратурамен "осындай ақпаратты ай сайын беріп отыру жөніндегі уағдаластық жасалғанын" жеткізді.