"Нұр Отан" партиясы сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шараларды баяндауға бәйге жариялады

Астана. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шараларды баяндауға жарияланған  қатысуға шақырады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Буриева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. 
 
Бәйгеге қатысуға 2008 жылдың 30 қазанына дейін жарияланатын немесе эфирге шығарылатын баспа, аудио бейне материалдары қабылданады. Бәйге жеңімпаздары үш аталым бойынша анықталады: баспасөздегі үздік жарияланым, үздік радиорепортаж немесе радиобағдарлама, үздік бейнесюжет немесе телебағдарлама.
"Нұр Отан" партиясы еліміздегі барлық журналистерді сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шараларды баяндауға бағытталған бәйгеге шақырады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Буриева мәлім етті.
Бәйгеге қатысуға 2008 жылдың 30 қазанына дейін жарияланатын немесе эфирге шығарылатын баспа, аудио бейне материалдары қабылданады. Бәйге жеңімпаздары үш номинация бойынша анықталады: баспасөздегі үздік жарияланым, үздік радиорепортаж немесе радиобағдарлама, үздік бейнесюжет немесе телебағдарлама. Бәйгеге қатысуға ниет білдіргендерді материалдарын ұйымдастыру комитетінің атына келесі шарттарды орындай отырып жіберуін өтінеміз:
1.     Баспа жұмыстары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық пролемасына қатысы бар мақалалардың түпнұсқасы түрінде ұсынылуы керек;
2.     Аудиовизуалдық жұмыстар CD-дегі немесе аудиокассетадағы телебағдарламаның көшірмесі түріндегі эфирлік анықтамамен бірге ұсынылуы тиіс;


3.     Электронды БАҚ тілшілері жарияланған мақаланың көшірмесін интернет-сайтқа қойылғанының дәлелімен бірге электронды поштамен, дискетада немесе CD-ROM-да жіберулері қажет.
Жеке тұлға барлығы 1-2 материал, ал заңды тұлға 3 материал ұсына алады. Материал автордың аты-жөнімен және жарияланған мерзімімен бірге ұсынылады (берілген материалдарда үміткердің көрсетілген мерзімде жарияланған жұмыстың авторы екенінің жазбаша дәлелдемесі болуы шарт). Бәйгеге қатысатын материалдар міндетті түрде түйіндемемен бірге ұсынылады. Онда үміткердің аты-жөнін, тұрғылықты мекенжайын, телефонын (үй, жұмыс, ұялы), жұмыс орынын, e-mail-ін көрсету қажет.
Өтініш берудің соңғы мерзімі - 2008 жылдың 31 қазаны.
Бәйге туралы толық ақпаратпен сіздер "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының сайтында таныса аласыздар: http://www.ndp-nurotan.kz.
Бәге материалдары мына мекенжайда қабылданады: 010000 Астана қаласы, Кенесары көшесі 25-үй, "Нұр Отан" партиясының Орталық аппараты немесе е-mail бойынша: press_center@otan.kz 
Қосымша ақпарат алғыларыңыз келсе мына телефондарға хабарласуларыңызды өтінеміз: +7 (7172) 55 55 81, 55 55 98.