"Нұр Отан" партиясынан мәжіліс құрамына үкіметтің екі мүшесі ғана өтті (толықтырылған нұсқа)

Б.Жұмағұловтың айтуынша, бұлар вице-премьер Аслан Мусин мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, "Нұр Отан" партиясынан мәжіліс құрамына бұрынғы шақырылымның 38 депутаты өтті.
Б.Жұмағұлов сонымен бірге "Нұр Отанның" партиялық тізіміне енген әкімдерден мәжіліске ешкім өтпегенін жеткізді.