"Ертең "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді, онда парламентке енетін депутаттардың тізімін айқындаймыз", - деді Б. Жұмағұлов.
""Нұр Отан" партиясынан ұсынылған үміткерлердің тізімінде 125 адам бар екені белгілі. Біз 98 мандатты жеңіп алдық", - деді төраға орынбасары.
Журналистер сауалына жауап берген оның түсініктемесіне сәйкес, "депутаттарды іріктеу критерийлері сан алуан болмақ". "Бірінші кезекте барлық өңірлерден өкілдер болуы керек", - деп нақтылады Б. Жұмағұлов. "Біз сонымен қатар адамдардың атқарған жұмысына, кәсіби қабілетіне қарайтын боламыз", - деп қосты ол.
Осы орайда Б. Жұмағұловтың атап көрсеткеніндей, "тізімге кірмей қалатын 27 адам резервте болады". "Өйткені, парламентте ұдайы алмасулар болып тұрады, сол кезде олар парламентке кіретін болады", - деп түсіндірді ол. "Сол себепті, тізімдегілердің ішінен әлдекім депутат болмай қалады деп проблема жасаудың қажеті жоқ", - деді ол.