«Нұр Отан» партиясында қадрлық тағайындаулар орын алды


«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Серік Сүлеймен тағайындалды.
2007 жылғы қыркүйектен бері ол Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Серік Сүлеймен Қазақ ауылшаруашылық институтын және Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін тәмамдаған. 1992-2005 жылдар аралығында БҚО Сырым ауданы әкімінің орынбасары, Қаратөбе ауданының әкімі, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы болды. 2005 жылғы қаңтардан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеметтік бағдарламалар департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 
2000 жылдың сәуірінен бері партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін Кенжебай Нығмет (1947ж.т.) атқарып келді.
Кенжебай Нығметтің қызметінен босатылуына байланысты партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының Қаулысымен облыстық филиалдың төрағасының бірінші орынбасарлығына Серік Сүлейменді тағайындау ұсынылды.
Сондай-ақ бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып Жанна Төлегенова тағайындалды.
Жанна Төлегенова әр жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы, деканның ғылым жөніндегі орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік бағдарламаларды талдау мен мониторингілеу басқармасының бастығы, ҚР Президентінің «Болашақ»  Халықаралық стипендиясының стипендиаттары қауымдастығының директоры  болып  еңбек етті.  Ол сондай-ақ, «C.A.P.». талдау және болжау орталығының Үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер, сапа менеджменті, әлеуметтік саясатты талдау мен бағалау саласындағы түрлі ғылыми-әдістемелік мақалалардың, әдістемелер мен ұсынымдардың авторы.