"Нұр Отан" партиясының филиалдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестер құрылады - президент

Мемлекет басшысының айтуынша, республикамызда "сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаланған шенеуніктер мен құқық қорғау органы өкілдерінің саны 40%-ға артты". "Бүгін мемлекеттік шенеуніктердің жалақысының көлемі де ұлғайтылды, құқық қорғау органдарында да барлық жағдайлар жасалуда", -деді ол. "Дегенмен, сыбайлас жемқорлық әлі де тыйылмай отыр, өйткені, кәсіпкерлер өз проблемаларын шешудің оңай әрі қысқа жолдарын іздейді", - деді Н. Назарбаев.

"Сондықтан да "Нұр Отан" партиясы сіздерге үлкен көмек бола алады. "Нұр Отан" партиясының қалалық және аудандық барлық филиалдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестер құрылады", - деді президент. "Бұл жұмысқа еліміздің арнаулы органдары да жұмылдырылады. Біз ақша бопсалайтындарды анықтап, лайықты жазасын беруге тиіспіз", -деді мемлекет басшысы. "Сонда ғана біз осынау зұлматпен күресіп, еліміздің беделін көтере аламыз", -деп қорытты Нұрсұлтан Назарбаев.