"Нұр Отан" партиясының кезектен тыс сьезі аяқталды

"Қазір саяси партияларға айрықша маңыз беріліп отыр, сол себепті саяси тәртіп күшейтіліп, баршамыз бұрынғыдан да бекем тәртіпке көшуіміз керек", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы, "Нұр Отан" партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев сьездің жабылуында.

Президенттің пайымдауынша, сьезде партия қабылдаған бағдарлама "өте жақсы бағдарлама" болды. "Бұл біздің тындыруға бел байлаған сайлау алдындағы тұғырнамамыз", -деді ол.

Н. Назарбаев құрылтайға қатысушыларда "өңірлердегі жұмыстарды ертеңнен бастап қолға алуға" шақырды. "Біздің бірінші тындыруға тиіс шаруамыз - Қазақстанның әрбір азаматын жұмысты болдырып, жұмыс істеу арқылы ақша табуға мүмкіндік беруге тиіспіз", - деді ол. "Сол себепті іске қызу кірісіңіздер, бұлғақтауға бос уақыт жоқ", - деді мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті