О. Мұхамеджановтың осы лауазымға тағайындалғаны туралы бүгін фракцияның отырысы барысында "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбеков хабарлады.
Оның айтуынша, мемлекет басшысы Бақытжан Жұмағұловтың фракцияның жаңа форматта аяғынан тұру кезеңіне қосқан үлесін атай отырып, оның парламент мәжілісіндегі "Нұр Отан" партиясы фракциясының жетекшісі қызметінен босату жөніндегі өтінішін қанағаттандырып, оған заң шығару жұмысында, ел президентінің стратегиялық бастамаларын заңнамалық тетіктермен қамтамасыз етуде табыстар тіледі.