"Шығын екі немесе үш миллион теңгені құрауы мүмкін",- деді Ислам Әбішов. Ол сондай-ақ, шығынның нақты сомасы смета жасағаннан кейін ғана белгілі болады деп қосты. "Меніңше, келген шығынға қатысты барлық мәлімет дүйсенбіде белгілі болады",- деп атап көрсетті әкімнің орынбасары.
И. Әбішов журналистерге өрт ғимараттың тек салтанаттар залын ғана шарпығанын хабарлады. "Креслолар, орындықтар өртенген; жалын "Нұр Отан" партиясының қызметкерлері орналасқан бөлмелерді шарпымаған",- деп түсіндірді.
"Нұр Отан" партисяның Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің ғимаратындағы өрт түнде тұтанып, таңға жуық ауыздықталған. Бірақ өрт сөндіру қызметі күндізгі 12-ге дейін ғимарат маңында жұмыс істеді, олар опырылып түскен шатырларды аршып, өрттің тұтану ошағын жойды. Агенттік тілшісіне белгілі болғандай, өрт сөндіру барысында 10 өрт сөндіруші зардап шеге жаздаған: олар залдың төбесі құлап түскенде оның үстінде жүрген.
"Нұр Отан" партисяның Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесі Бейбітшілік көшесі мен Г. Иляев көшесінің қиылысында орналасқан. Кеңес заманында бұл жерде Саяси ағарту үйі орналасқан, кейіннен ғимарат Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінің балансына берілген. Ғимарат өткен жылдың күзінде "Нұр Отан" партисяның Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесіне берілген болатын. Бұл жерде сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті