«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев партияның кезекті ХVІ съезіне делегат болып сайланды


Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Астана қаласының әкімі, Астана қалалық филиалының төрағасы Әділбек Жақсыбеков, астаналық қалалық мәслихаттардағы «Нұр Отан» фракциясының депутаттары, астаналық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері қатысты.

Жиын барысына қатысушылар партияның 2015 жылғы астаналық филиалының негізгі мақсаттарын талқылады, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІ Съезіне делегаттарды сайлады.

Күн тәртібі шеңберінде 101 делегаттың қатарында партияның кезекті Съезіне Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясы көшбасшысы Н.Назарбаев, партияның Саяси кеңесінің мүшелері, Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшелері, аймақтық филиалдардың жетекшілері, БПҰ-ның төрағалары, «Партияның 50 тұлғасы» партиялық жобасының қатысушылары және партия белсенділері сайланды.

«Нұр Отан» партиясының алдағы XVI Съезі - шын мағынасындағы тарихи оқиға. Кезекті рет бірлігімізді, өз Көшбасшымыздың төңірегіндегі ынтымағымызды, елдің келешегі мен тағдырының алдындағы жауапкершілігімізді көрсете алатынымызға сенімдімін», - деп атап өтті сөйлеген сөзінде Б.Байбек.

Конференция қатысушылары сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру мәселесін және бюджеттік қаржының тиімді жұмсалуын бақылау мәселесін талқылады. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын іске асыруға ерекше көңіл бөлінді. 

Әділбек Жақсыбековтың айтуынша, ешбір ардагер назардан тыс қалмауы үшін қалалық билік пен қоғамдастықтың жігерін біріктіру партияның мақсаты болып табылады. 

«Біз өз жұмысымыз арқылы баяндамаларда, жиындардың барысында айтып жүргеніміздің барлығын дәлелдеуге тиіспіз. Партия көшбасшысы ұсынған стратегиялардың барлығын «Нұр Отан» ұдайы орындап, еліміздің саяси, қоғамдық өмірінің негізі бола алды. Астаналық партиялық ұйым - бұл негіздердің негізі және партияның барлық игілікті ісінің локомотиві болуы керек. Сондықтан біз Елбасы, партия Төрағасының Стратегиясында алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін барынша күш салуымыз керек», - деді Астана қалалық филиалының төрағасы Әділбек Жақсыбеков.

Дәл қазіргі кезде Астанада 35 мың партиялықтарды біріктіретін 323 бастауыш партия ұйымдары бар. 26-28 ақпанда Астана қаласындағы 320-дан астам БПҰ-да 3 наурызда 6 аймақтық филиалдардың конференцияларының өткенін еске саламыз. 

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 11 наурызында «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІ Съезі өтеді. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 1200 делегат қатысады деп болжануда, олардың ішінде облыстық мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың жетекшілері, партияның 100-ден астам ардагері мен белсендісі бар. Бұдан бөлек, тұңғыш рет съезд делегаттарының сапалық құрамында БПҰ-ның төрағалары мен шалғай ауылдардағы партия мүшелері үшін квота қарастырылған. 

Қазіргі уақытта еліміздің өңірлерінде партия филиалдарының аумақтық және өңірлік конференциялары өтуде.