Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, саяси бюроның кеңейтілген мәжілісінде партияның «халықтық-демократиялық» деген тіркесін алып тастап, «Нұр Отан» партиясы» деп қалдыру ұсынысы жасалған болатын. Осыған орай, бүгін съезге қатысушылар аталған ұсынысты қарап, бірауыздан қабылдады. Сондай-ақ олар партияның жаңа эмблемасын мақұлдады. «Жаңа эмблема ХV съездің логотипі негізінде әзірленді. Күннің шығуы біздің жетістіктеріміз бен жарқын жеңістеріміздің көрінісі болса, таудың шыңы - жоғары мақсаттар мен халықтың ұмтылысы, барыс - күш пен мәрттік, партияның жазуы Елбасының мемлекеттің дамуына қосқан тарихи үлесін көрсетеді. Ал «Нұр Отан» партиясы басымды күш ретінде сол дамудың негізі болуы шарт», - деп атап көрсетті Б.Байбек.