"Нұр Отанның" сайлауда жеңетіндігі алдын-ала болжанған, деп санайды халықаралық бақылаушылар

"Сайлауға бірнеше күн қалғанда біз париялармен кездестік. Бүгінгі күнгі билеуші партияның өкілдерімен сөйлесе келе, олардың сайлаушылар дауысының 90 пайызын алатындықтарын айтқанда қайран қалысқанбыз. Бірақ басқа да партиялардың өкілдерімен жұмыс істей келе, біз де осындай тұжырымға келдік, себебі басқа саяси партияларда кеудемсоқтық басым. Ал олар адамдардың өздерін түсінуі үшін жұмыстануы қажет болған, ал мұндай жұмыстар жеткіліксіз жүргізілді",- деді Ресей Федерациясының Федералдық жиынының Федералдық кеңесінің бақылаушысы, ТМД істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Борис Третьяк.

Ол, сайлау жүргізу бойынша "принципті ескертулер туындаған жоқ, себебі сайлау барысында айтарлықтай заң бұзушылықтар болған жоқ", деп атап өтті. "Учаскелер алдын-ала дайындалған, мөлдір жәшіктер пайдаланылып, бақылаушыларға арналған орындар дайындаған, сондай-ақ, сайлау учаскелеріне келе алмайтын сайлаушыларға арналған жәшіктер де дайындалған",- деп қосты ол.

Үндістандық бақылаушылар өз кезегінде, сайлау учаскелерінде болған кездерінде адамдарға кімге дауыс бергендіктері туралы сұрақ қойғанын жеткізді. "Дауыс бергендердің 80 - 90 пайызы "Нұр Отан" партиясын таңдағандықтарын айтты", деп атап өтті. Біздің пайымдауымызша, бұл бірінші кезекте елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформаға байланысты деп санаймыз және де біз бүгінгі нәтижені күткен болатынбыз",- деп атап өтті олар.

Сонымен қатар, түрік бақылаушысы Сүлейман Шенсой, "сайлау технологиялық тұрғыдан да, өрескел заң бұзушылықтардың болмауы тұрғысынан да және де Қазақстан халқының сайлауға қатысуы тұрғысынан да өте жоғары деңгейде өтті",- деді.

"Біз сайлауға дейін, түрік бақылаушылары ретінде, бізге келіп түскен барлық ақпараттардан "Нұр Отан" - жеңіске жететін бірінші партия екендігін түсіндік",- деп хабарлады ол. С. Шенсойдың пайымдауынша, "бұл сайлауда ең бастысы - сайлау нәтижесі емес, оған дейінгі конституциялық өзгерістер болмақ. "Біз президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды аймақтағы ең демократиялық елге айналдыратынына сенеміз",- деп атап көрсетті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті