-Құлынмен жатыр, екі үш күнде құлындайтын буаз биелер еді. Масқара ғой,
Байтуған ауылының ер азаматтары 2 күннен бері мына өзен жағасында жүр. Себебі, Нұра ернеуінен асып, маңайда жайылып жүрген үйір-үйір жылқыны ағызып әкеткен.
-Дәл қазір мына судың ішінде жүзге жуық малдың өлексесі жатыр. Тұрғындар тағы 20 жылқыны таппай қалдық деп отыр. Олардың айтуынша, жылқылардың бәрі Астанаға қарай ағып кеткен сыңайлы.
Өйткені, Нұра өзені Елорда ішімен өтетін Есілге құяды. Ал тұрғындар бұл апатқа құтқарушыларды айыптап отыр. Көкпектідегі жағдай қайталанбасын деп олар өзеннің мұзын жарыпты.
- Кеше аудандық әкімдіктен кісілер келген. Олар бізді жынды санап, ол жарылыс қалай естіледі дейді. Ал, мында ауылдың бәрі естіген. Тіпті, үйінде шәй ішіп отырғандар да естіген.
Бірақ төтенше жағдайлар қызметі өздеріне шаң жуытар емес. Айтуларынша, жылқының қырылуына жарылыстың еш қатысы жоқ. Өйткені, мұз жарылған жер жайылымға алыс көрінеді. Байтуған ауылының тұрғыны Сырлас Көкенов 10 жыл бойғы еңбегім 5 минутта суға ағып кетті деп қапалы. Нәпақасын малмен айырып отырған ол отбасымды енді немен асыраймын деп зар илеп отыр.
Сырлас Көкенов, Байтуған ауылының тұрғыны:
- Бес биемнің бесеуі де кетті. Олар міне құлындауы керек еді, сәуірдің аяғында. Күзді күні ол құлындарды сатсам, жем-шөп, балаларымды киіндірер едім.
Сырлас сияқты ауылдың 57 отбасы жылқыдан айырылып, жүген ұстап қалды. Енді екі күннен бері өтемақы сұрап, ауыл әкімдігін жағалап жүр. Ал ауданның атқамінерлері болса тұрғындарға ол маңайға мал жаюға болмайтынын ескерттік, өздері кінәлі дейді.
Рәбиға Құтжанова, Нұра ауданы әкімінің орынбасары:
– Байтуғанда сөйлескенде кісілер болды малдары жоғалған. Соның көзінше айттым, сіздерді әкім құлақтаныдырар ма Нұраның бойында мал жаюға болмайды деп. Иә, бізге айтты деді.
Қазір аудан басшылығы шығын көлемін шамамен 33 млн теңге деп есептеген. Алайда, оның әзір төлене қоюы екіталай. Біріншіден жергілікті бюджетте ақша жоқ деген шенеуніктер, жылқының қырылу себебі де әлі анықталатын жеткізді.