"Нұр-Астана" мешітінде киім ұрлаған жігітке кешірім берілді

Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, мешітке келуші күртесін арнайы орынға қойған, алайда кейін киімін таппай қалған. 

"Сот отырысы кезінде тараптар медиациялық келісімге келген. Есіл ауданының № 2 сотының шешімімен тараптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.