"Нұрбанк" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, Жолдас Теміралиевке қатысты 12-наурызда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-тармағы (алаяқтық) мен 220-бабының 1-тармағы бойынша (банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану) қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, осы қылмыстық іс аясында 12-наурызда Жолдас Теміралиевке іздеу жариялау туралы қаулы шыққан. "Оны бір ай бойы Қазақстан аумағында іздейді. Егер ол осы уақыт ішінде табылмаса, онда автоматты түрде халықаралық іздеу жарияланады",- деп түсіндірді Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті