"Нұрбанктің" бұрынғы басшыларын ұрлау туралы іске қатысты екі күдікті өз айыптарын мойындай келді - ІІМ

"Бүгін іздеуде жүрген екі күдікті Айдар Бектібаев пен Сергей Кошлай Қазақстанның құқық қорғау органдарына жүгініп, тергеуге өз еріктерімен көмектесуге ниеттерін білдірді",- деп хабарлады Б. Қожахметов. Ол, "тергеудің аталмыш азаматтардан айыптарын мойындай келуін қабылдады",- деп атап өтті.

"Олар Қазақстанға өздерінің жеке байланыстары мен оперативтік тәжірибелерін пайдаланып келгендіктерін айтуда. Мұның егжей-тегжейін тергеу анықтайды. Тергеу олармен әлі жұмыс істеген жоқ",- деп хабарлады Б. Қожахметов.

Ол, тергеу барысында өз еріктерімен ынтымақтастық танытпақ болғандығына қарамастан Айдар Бектібаев пен Сергей Кошлай қамауда отырғандығын атап өтті. "Оларға жарияланған іздеуді ешкім тоқтатқан жоқ, санкцияны ешкім өзгерткен жоқ, сондықтан да олар қамауда отыр",- деп түсіндірді Б. Қажахметов. Ол сондай-ақ "қазіргі уақытта олар іс бойынша күдікті ретінде қаралады және де Алматы қаласының ішкі істер департаментінің тергеу изоляторына қамалған", деп қосты.

Б. Қажахметов сондай-ақ, "оқиғаны маңызын ескере отырып және түрлі қауесеттерге жол бермеу үшін , сонымен қатар Айдар Бектібаев пен Сергей Кошлайдың өтініштері бойынша тергеу оларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жүгіну мүмкіндігін ұсынды", деп хабарлады.

Брифинг кезінде сөз сөйлеуге мүмкіндік берілген Айдар Бектібаев пен Сергей Кошлай өз кезектерінде журналистер алдында, "отандарына өз еріктерімен келгендіктерін, тергеудің барлық сұрақтарына жауап беруге дайын екендіктерін" мәлім етті. "Біз сондай-ақ өзіміздің Рахат Мұхтарұлы Әлиевтің қарамағынан өз еркімізбен шыққандығымызды мәлім етеміз. Біз сіздерден бұл мәлімдемені жауапкершіліктен жалтару ретінде емес, ата-аналарымыздың, әйелдеріміз бен балаларымыздың, туған-туыстарымыздың, әріптестеріміз бен достарымыздың көзіне тура қарау үшін, өзіміздің адал атымызды қорғап қалу мүмкіндігі ретінде қарауларыңызды сұраймыз",- деп мәлім етті журналистерге Айдар Бектібаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті