Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Жақында "Jai Battle" атты Есен Елеукеннің жаңа жобасында төбе көрсеткен Ләйлә ханым мен Нұрболхан мырза көпшіліктің қызу талқысына түсті.
Жоба жүргізушісі болып Нұрболхан Шарапов әділ-қазы алқасында отырған Ләйлә Сұлтанқызын өзі хабарлады.
"Ну, здравствуй Ләйлә! Как говорится жер домалақ. Қанша уақыттан кейін кездестік. Жүр, сөйлесіп қайтайық! Ойнап айтам-ойнап айтам Қазақстанның Еңбең сіңірген қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы",- деп қалжың аралас хабарлап елді қыран-топан күлкіге қарқ етті.
Өз кезегінде Ләйлә Сұлтанқызы:
"Нұрболхан білесің бе? Маған тикток желісінде сіз Нұрболханмен араласасыз ба?,-деп сұрап жатады. Мен оларға айтамын. "Иә, Нұрболхан менің жан досым ғой. Сіздер білмейсіздер оны деп. Jai Battle-ға келгеніме қуаныштымын. Жақсы ойын болады деп үміттенемін",- деді.
"Иә, біз жан достармыз, өтірік соттастық қой",- деп
Нұрболхан тағы да халықты бір шулатты.
Еске салсақ, 2019 жылы әзілкеш пен жүргізуші арасында үлкен дау туған болатын. "Өз-ойым" бағдарламасының жүргізушісі әрі жоба авторы Ләйлә ханымға Нұрболхан Шарапов ашық үндеу жариялаған болатын. Себебі, Ләйлә Сұлтанқызы мемлекеттік арнаның тікелей эфиріне трансгендерді шақырып онымен сұхбат жүргізген болатын.
https://www.instagram.com/reel/Cjx1Ql0vofK/?igshid=YmMyMTA2M2Y=